Ауыл мәдениеті – ел айнасы
Меркі ауданында «Ауыл мәдениеті – ел айнасы» байқауы өтуде. Ұлттық құндылықтар мен салт-дәстүрлерді дәріптеуге бағытталған мәдени шара ауданның 14 ауылдық округін қамтиды. Байқаудың кезекті кезеңі Жаңатоған ауылдық округінде ұйымдастырылды.