Негізгі Жаңалықтар Қазақстан мен Бельгия ынтымақтастықты кеңейтеді

Қазақстан мен Бельгия ынтымақтастықты кеңейтеді

Қазақстан мен Бельгия экономикалық және саяси ынтымақтастықты кеңейтуге ниетті. Бүгін Ақордада Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Бельгия Королі Филипптің келіссөздері өтті. Екі елдің басшылары сауда, инвестиция, көлік және жаңа технологиялар саласындағы байланысты дамыту мәселелерін қарастырды. Бұл Бельгия монархының Қазақстанға және Орталық Азияға мемлекет басшысы ретінде жасаған алғашқы мемлекеттік сапары.


Бөлісу