Астананы Дубаймен салыстырды: Америкалық IT-стратег Қазақстанның әлеуетін жоғары бағалады
Қазақстан астанасы әлемдік технологиялық қауымдастықтың назарында. Америкалық IT-стратег, Coinbase криптобиржасының бұрынғы технологиялық директоры Баладжи Сринивасан Сингапурде өткен The Network State Conference 2026 конференциясында Астананы келесі Дубай немесе Сингапур болуы мүмкін қала ретінде атап, оның тазалығы мен әсемдігіне жоғары баға берді.