Тектұрмаста вандализмге қарсы акция өтті
Тараздағы «Тектұрмас» этнотарихи кешенінде «Вандализмге жол жоқ» акциясы өтті. «Әділет» партиясының жастар қанаты ұйымдастырған шараға 50-ге жуық жас қатысып, ескерткіштер мен қоршауларға жазылған 150-ге жуық граффитиді өшірді.