Үш жылға арналған бюджет жоспары таныстырылды
Алдағы үш жылда Қазақстан экономикасы еселене түседі. Бұл Үкіметтің болжамы. Межеге мұнайға ғана сүйенбей, өндіріс пен ауыл шаруашылығын, құрылыс пен қызмет көрсету салаларын дамыту арқылы жету көзделіп отыр. Бүгін Құрылтайда бюджеттің алдағы үш жылға арналған жоспары таныстырылды.