Негізгі Жаңалықтар Су арналары тұтынушыларға есептегіштерді ауыстыру туралы заңсыз талап қойған

Су арналары тұтынушыларға есептегіштерді ауыстыру туралы заңсыз талап қойған

Кей өңірлердегі су арналары тұрғындарға есептегіштерді ауыстыру туралы заңсыз талап қойған. Бұл туралы өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің өкілдері хабарлады. Қазір елде су тұтыну есебі цифрлық жүйеге көшіріліп жатыр. Бұл бағытта Smart Turmys бірыңғай платформасы енгізіле бастады. Бірінші кезеңде 25 қаладағы 32 сумен жабдықтау кәсіпорны жүйені автоматтандыруға 54 миллиард теңгеге өтінім берген. Жеке тұрғын үйлердегі су шығынын есептегіштерге қатысты да өзгеріс бар. Жаңадан орнатылған құрылғылардың барлығы көрсеткіштерді автоматты жіберу функциясымен қамтылған болуы тиіс.


Бөлісу