Тарихпен тілдесу
Тарихтың тереңіне үңіліп, көне жәдігерлер арқылы өткеннің сырын ашқан ғалымның еңбегі – ұрпаққа аманат. Таразда тарихшы, археолог әрі өлкетанушы Күзембай Байбосыновтың туғанына 85 жыл толуына орай республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті. Жиында ғалымның ғылыми мұрасы сараланып, отандық тарих пен археология саласына қосқан үлесі кеңінен талқыланды.