Білім биігін бағындырған тәуелсіздік түлектері
Жамбыл -олимпиада чемпиондарымен танылған өңір. Бірі - спорт аренасында қарсылас шақ келтірмей, чемпиондық тұғырға көтерілсе, енді бірі - білім бәйгесінде топ жарып, әлемдік деңгейде ел абыройын асқақтатып жүр. Дәйекке дәлел айтсақ, Республикалық ғылыми жобалар сайысында жамбылдық жас өрендер 17 жыл бойы үздік атанып келеді.