Шәмші әндері – халық жүрегінде
Қазақ ән өнерінің алтын қазынасына айналған Шәмші Қалдаяқовтың әндері арада қанша жыл өтсе де, халық жадынан өшкен емес. Тараз қаласындағы «Көне Тараз» тарихи-этномәдени кешенінде «Шәмші әуендері» Республикалық ретро-фестивалі өтті. Музыкалық кешке Қазақстанның белгілі эстрада жұлдыздары қатысып, композитордың таңдаулы туындыларын орындап, көрерменге ерекше көңіл күй сыйлады.