Полицейлердің спорттық эстафетасы
Есірткіге қарсы күрес – ортақ міндет. Ал салауатты өмір салты – жарқын болашақтың кепілі. Жамбыл облысының Сарысу ауданында жастар мен полиция қызметкерлері «Есірткісіз болашақ» ұранымен спорттық эстафета өткізді.
Іс Шараның мақсаты – жас буынның спортқа қызығушылығын арттырып, зиянды әдеттерден аулақ болуға шақыру. Саудакент ауылында өткен сайыста қатысушылар ептілік пен төзімділіктерін сынап, командалық бірліктің үлгісін көрсетті. Тартысты бәсекеде үздік шыққандарға полиция департаментінің алғыс хаттары, медальдар мен сертификаттар табысталды. Сондай-ақ қатысушыларға «Есірткісіз болашақ» жазуы бар футболкалар берілді.