Оба індетіне қарсы оқу-жаттығу жиыны
Облыс орталығындағы «Әулиеата» халықаралық әуежайында сырттан келетін аса қауіпті инфекциялардың алдын алуға бағытталған ауқымды тактикалық оқу- жаттығу жиыны өтті. Шұғыл қызмет мамандары бірлесіп, бортта оба індетіне шалдыққан жолаушы анықталған жағдайдағы іс-қимыл алгоритмін пысықтады.