Кітап оқуға қызығатындар көбейді
Кітап оқуға қызығатындар қатары артып келеді. Биыл елімізде «Кітап оқитын ұлт» республикалық марафоны басталды. Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған жоба халықтың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыруды көздейді. Марафонға алтыншы сынып оқушысынан бастап, ата-ана мен зиялы қауым өкілдеріне дейін қатыса алады. Ә.Бөкейханов атындағы №1 гимназияның оқушылары да бұл бастамадан шет қалмады.