Мектепке дейінгі білім мен академиялық сабақтастық
Таразда «EDU SHOW – Заманауи білім берудің интерактивті алаңы» атты халықаралық тәжірибе алмасу семинары өтті. Оған бейнебайланыс арқылы шетелдік және отандық педагог ғалымдар қатысты. №29 балабақшасында ұйымдастырылған семинар мектепке дейінгі тәрбие мен жоғары білім сабақтасты тақырыбын арқау етті.