Меркідегі мерекелік тарту
Республика күні қарсаңында Меркі ауданында мектеп жанындағы интернат ғимаратының ашылу салтанаты өтті. Аталған интернаттың тарихы 1964 жылдан бастау алады. Араға алпыс жылдан астам уақыт салып, күрделі жөндеуден өткен ғимарат қайта жаңғыртылып, заман талабына сай толықтай жабдықталған күйде пайдалануға берілді.