Әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды
Қоғамның әлжуаз топтарына қолдау көрсету, қиын жағдайға тап болған жандарға көмек қолын созу – әлеуметтік сала қызметкерлерінің басты міндеті. Күнделікті еңбегі көпке көріне бермейтін мамандар халықтың әл-ауқатын арттыруға, мұқтаж азаматтардың өмір сапасын жақсартуға үлес қосып келеді. Кәсіби мереке қарсаңында сала өкілдерінің еңбегі атап өтіліп, бірқатары марапатталды.