Зауытқа 36 мың тонна қызылша өткерілді
Меркі қант зауытында тәтті түбірді қабылдау жұмыстары қызу жүріп жатыр. Қазір кәсіпорынға 24 шаруа қожалық өнім өткізуде. Нәтижесінде осы уақытқа дейін 35 мың 804 тонна дақыл қабылданды. Өнімнің сапасы арнайы зертханада тексеріліп, одан әрі өңдеуге жіберіледі.