Негізгі Жаңалықтар Аймақта 5 вокзалды жаңғыртуға 14,1 млрд теңге бөлінген

Аймақта 5 вокзалды жаңғыртуға 14,1 млрд теңге бөлінген

Талай тағдырдың тоғысына куә болған Тараз теміржол вокзалы енді жаңарған кейіпте жолаушыларды қарсы алады. Ғасырға жуық тарихы бар нысан қайта жаңғыртудан өтіп, заманауи талаптарға сай жабдықталды. Жаңарған вокзалдың ашылу рәсімі Республика күні қарсаңында өтті. Оған жамбыл облыс және қала әкімдері мен тұрғындар қатысты.


Бөлісу