Диқандар егіс алқабын кеңейтуге ниетті
Байзақ ауданында биыл 3994 гектар алқапқа жүгері егілді. Қазір егін жинау науқаны аяқталуға жақын. Диқанның еңбегі ақталып, алқаптан мол өнім жиналып жатыр. Дегенмен шаруалар үшін өнімділікпен қатар, судың уақытылы берілуі, жұмыс күшінің тапшылығы мен өндірісті кеңейту мәселесі де өзекті. Ал, су мәселесі шешілсе – шаруалар егіс алқабын кеңейтуге ниетті.