Қылмыс деңгейі 15 пайызға төмендеген
Жыл басынан бері елімізде қылмыс деңгейі 15 пайызға төмендеген. Статистикадағы оң өзгеріс көңіл қуантады. Дегенмен қауіпсіз қоғам құру жолында әлі біршама жұмыс істеу қажет. Әсіресе алкогольмен байланысты құқық бұзушылықтардың алдын алу, отбасылық зорлық-зомбылықты тоқтату және азаматтарды алаяқтардан қорғау мәселесі күн тәртібінде тұр. Осы міндеттер бүгін Үкіметтегі «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысында қаралды.