Негізгі Жаңалықтар Жолдау: Жаңа кезең - жаңа міндеттер

Жолдау: Жаңа кезең - жаңа міндеттер

Халықтың табысын арттыру, бағаны тұрақтандыру, әлеуметтік инфрақұрылымды жаңғырту және цифрлық технологияларды дамыту. Бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына кезекті Жолдауын жариялады. «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» деп аталатын маңызды құжатта ел дамуының алдағы басымдықтары айқындалды. 

Тұрғындардың әл-ауқатын жақсарту – экономикалық саясаттың негізгі міндеттерінің бірі. Осы мақсатта мемлекет басшысы келесі жылдың 1-ші қаңтарынан бастап ең төменгі жалақы мөлшерін 85 мың теңгеден 110 мың теңгеге дейін көтеруді тапсырды. Бұл өзгеріс 1 млн 800 мың азаматтың табысына әсер етпек. Оның ішінде бюджет саласында еңбек ететін 370 мыңнан астам қызметкер бар.

Бөлісу