Негізгі Жаңалықтар Мемлекет басшысының Жолдауы тыңдалды

Мемлекет басшысының Жолдауы тыңдалды

Жамбыл облысы әкімдігінде аймақ активі Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауын бірлесе тыңдады. Zoom платформасы арқылы онлайн барлық басқарма басшылары мен аудан әкімдері қатысты. Жиын барысында Мемлекет басшысы айқындаған ел дамуының негізгі бағыттары мен алдағы кезеңге арналған міндеттерге назар аударылды. 

Президент Жолдауында көтерілген басымдықтар елдің әлеуметтік-экономикалық дамуын нығайтуға, халықтың әл-ауқатын арттыруға және мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге бағытталған. Жиынға қатысушылар Жолдауда айтылған бастамалардың маңыздылығын атап өтіп, белгіленген міндеттерді жүзеге асыруда жүйелі жұмыс жүргізудің қажеттігін айтты. Президент тапсырмаларын сапалы әрі уақтылы орындау – өңірдің тұрақты дамуы мен тұрғындардың өмір сүру сапасын арттырудағы маңызды қадам.

Бөлісу