Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі
Келер жылдың қаңтарынан бастап ең төменгі жалақы 85 мыңнан 110 мың теңгеге дейін көтеріледі. Бүгін Мемлекет басшысы Қазақстан халқына жариялаған Жолдауында осылай деді. Президент әлеуметтік жәрдемақыларға да қатысты өз пайымын білдірді.
Жаңа жылдан бастап ең төменгі жалақы 85 мыңнан 110 мың теңгеге көтеріледі. Бұл өзгеріс 1,8 млн адамның, соның ішінде бюджеттен жалақы алатын 370 мыңнан астам қызметкердің табысын арттыруға ықпал етеді. Экономистердің болжамынша бұл халықтың әл-ауқатын жақсартады.