682 сәбиде туа біткен жүрек ақауы анықталған
Өткен жылы диспансерлік есепте жүрек-қантамыр жүйесі аурулары бар 732 бала тіркеліпті. 682 сәбиде туа біткен жүрек ақауы анықталған. Есептік кезеңде 252 жағдай тіркеліп, балаларға 78 кардиохирургиялық операция жасалған. Науқас бүлдіршіндерге медициналық көмек көрсету үшін Таразға білікті дәрігерлер жиналды. Олар туа біткен жүрек ақаулары бар балаларға ота жасап, шеберлік сабақтарын өткізіп, жергілікті мамандармен тәжірибе алмасады.