Негізгі Жаңалықтар Мұғалімдер толтыратын құжаттар саны бес есеге қысқаруы мүмкін

Мұғалімдер толтыратын құжаттар саны бес есеге қысқаруы мүмкін

Қазақстанда мұғалімдер толтыратын міндетті құжаттар саны бес есеге қысқаруы мүмкін. Бүгін бұл туралы Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова Үкімет отырысында мәлімдеді. Мақсат - мұғалімдердің қағазбастылығын азайтып, артық есеп толтыруға кететін уақытты үнемдеу. Сонымен қатар, мектептердегі 70-тен астам цифрлық жүйені біріктіру көзделген. Себебі мұғалімдер бір мәліметті бірнеше платформаға қайта-қайта енгізуге мәжбүр. Енді барлық білім беру платформаларын Ұлттық білім беру деректер базасымен интеграциялау жоспарлануда.


Бөлісу