Негізгі Жаңалықтар Естемес каналының тарихи аты қайтарылады ма?

Естемес каналының тарихи аты қайтарылады ма?

Шамамен 200 жылдай уақыт бұрын қазіргі Шу ауданының Жиенбет, Балуан Шолақ ауылдары маңын мекендеген аса дәулетті Естемес есімді азамат Шу өзеніне қара бура тарттырып, тоспа жасау арқылы өзенді бөгеп, екі жағына қарай ағатын тоған салғызған екен. Бүгінде ол каналдарды Шулықтар солтүстік және оңтүстік деп бөліп атап жүр. Бұл Кеңес Одағы кезіндегі каналды кеңейту, жөндеу жұмыстарының кейін солай аталып кеткен. Алайда, бұл тоғанның тарихи аты қазір неге қолданылмай келеді. Оны қайтарудың жолы бар ма? Шуда тұратын Естемес бабаның ұрпақтары бүгінде осы сұраққа жауап іздеп жүр.


Бөлісу