Асанның ақ терегі: Бақытжан Советұлы - 60 жаста!
Қазақ әдебиетінің өзіндік қолтаңбасы бар сатирик әрі балалар ақыны, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Бақытжан Советұлы биыл 60 жасқа толды. Әзілдің әлемін жаулап, сатираның жілігін шағып, майын ішкен ақынға бүгін жерлестері құрмет көрсетті. Жамбыл ауданындағы мәдени-шығармашылық кеш Аса ауылындағы мәдениет үйінде өтті.