«Оқушылар сарайы» сериалының тұсаукесері
Меркі ауданында оқушылардың өз күшімен түсірген «Оқушылар сарайы» сериалының тұсаукесері өтті. 12 бөлімнен тұратын туынды жасөспірімдердің шығармашылық ізденісінен туған. Жоба аудандық білім бөлімі мен «Үміт» оқушылар сарайының бастамасымен жүзеге асты. Негізгі мақсат – балалардың өнерге қызығушылығын оятып, ұлттық құндылықтарды насихаттау.