Инфрақұрылымды жаңғырту – жолдау жүктеген міндет
Әлеуметтік нысандар, тұрғын үйлер мен инженерлік желілер – өңір дамуының негізгі көрсеткіштерінің бірі. Бұл ретте Жамбыл облысында да құрылыс қарқыны соңғы жылдары айтарлықтай артып келеді. Ал Мемлекет басшысы жариялаған «Жалпыхалықтық ауқымды құрылыс жылы» бұл бағыттағы жұмыстарға жаңа серпін бермек. Облыстық әкімдікте Мемлекет басшысының «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауынан туындайтын тапсырмаларды іске асыру мәселелері талқыланды. Кеңейтілген актив отырысында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына күш беретін жобалар таныстырылып, алдағы кезеңнің басым бағыттары айқындалды.