Экономикалық өсім – өңірлік дамудың тірегі
Жамбыл облысында биылғы тоғыз айда негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 721,9 миллиард теңгеге жеткен. Бұл өткен жылмен салыстырғанда айтарлықтай өсім. Нәтижесінде өңір инвестиция тарту қарқыны бойынша республикада екінші орынға шықты. Сондай-ақ, агроөнеркәсіп кешенін дамыту, цифрландыру және әлеуметтік қолдау бағытында бірқатар жоба қолға алынған. Актив отырысында осы аталған салалар бойынша нақты жоспарлар сараланды.