Медиация кабинеті ашылды
Шу ауданында қоғамдағы татулық пен түсіністікті нығайтуға бағытталған облыстық акция өтті. Басты мақсат – дау-жанжалдардың алдын алып, жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру және отбасылық құндылықтарды дәріптеу. Акция аясында медиация кабинеті салтанатты түрде ашылды.