Негізгі Жаңалықтар Өндірісті жаңғыртуға $3,5 млрд инвестиция салынады

Өндірісті жаңғыртуға $3,5 млрд инвестиция салынады

Теміртаудың болаты атом электр стансасының құрылысына қолданылуы мүмкін. Қармет құрылысқа қажетті өнім түрлерін көбейтіп, импорттың орнын басуды көздеп отыр. Ал кәсіпорынды жаңғыртуға 2028 жылға дейін 3,5 миллиард доллар салынбақ. Бүгін Қарағанды облысына барған Қасым-Жомарт Тоқаев комбинаттың қазіргі жұмысымен және даму жоспарымен танысты. Президенттің айтуынша, кезінде миллиардтаған шығынға батқан компания былтыр таза пайдаға шыққан. Ендігі міндет, озық технологияларды енгізіп, еңбек қауіпсіздігін күшейту.


Бөлісу