Негізгі Жаңалықтар Жылу беру маусымы қалай өтуде?

Жылу беру маусымы қалай өтуде?

Жамбыл облысында 2026–2027 жылдардағы жылыту маусымы басталып, барлық әлеуметтік нысандар мен көпқабатты тұрғын үйлерге жылу берілді. Дегенмен, маусымның тұрақты өтуі үшін атқарылар жұмыс әлі де аз емес. Мәселен, Таразэнергоорталықтың теңгеріміндегі №4 аудандық қазандыққа дайындық паспорты әлі берілмеген. Бұған қосымша қазандық орнату жұмыстарының толық аяқталмауы және авариялық мазут қорының жеткіліксіздігі себеп деп отыр жауаптылар.


Бөлісу