Депутаттар ауыл шаруашылығын қаржыландыруды күшейтуді ұсынды
Ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу үшін өндірушілерге ұзақмерзімді әрі қолжетімді несие қажет. Құрылтайдың аграрлық мәселелер, экология және табиғи ресурстар комитетінің отырысында депутаттар осындай ұсыныс көтерді. Мемлекет басшысы да жуырдағы Жолдауында аграрлық саланы технологиялық жаңғыртып, ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеуге басымдық беруді тапсырған. Өйткені шикізатты дайын өнімге айналдыру – оның қосылған құнын арттырып, отандық өндірістің бәсекеге қабілеттілігін күшейтудің маңызды жолы. Сонымен қатар өңдеу кәсіпорындарының дамуы жаңа жұмыс орындарын ашуға және бюджетке түсетін салық көлемін ұлғайтуға ықпал етеді. Депутаттар осы бағыттағы жобаларды қаржыландыру тетіктерін жетілдіру қажет деп санайды.