Негізгі Жаңалықтар Полицейлер оқушыларға Абайдың «Қара сөздерін» тарту етті

Полицейлер оқушыларға Абайдың «Қара сөздерін» тарту етті

Сарысу ауданында есірткі қылмысының алдын алу және тұрғындар арасында құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында бірқатар кездесу ұйымдастырылды. Жамбыл облысы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Саудакент, Өндіріс және Ұйым ауылдарының тұрғындарымен жүздесті. Іс-шаралар «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында «Есірткісіз ауыл» тақырыбына арналды.

Кездесуде есірткіге тәуелділіктің алдын алу, жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру және қауіпсіз орта құру мәселелері талқыланды. Ашық пікір алмасу барысында тұрғындар мен оқушылар өз сауалдары мен ұсыныстарын жеткізді. Іс-шара соңында полиция қызметкерлері жасөспірімдерге рухани-адамгершілік тәрбие мен саналы құндылықтарды насихаттау мақсатында Абай Құнанбайұлының «Қара сөздер» кітабын сыйға тартты.

Бөлісу