Әскери реформа – отаншылдық тәрбиенің жаңа бағыты
Елімізде әскери қызмет жүйесін жетілдіру және жастардың азаматтық жауапкершілігін қалыптастыру бағытында бірқатар өзгеріс жүзеге асырылмақ. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес әзірленген Әскери реформа жоспары Қауіпсіздік кеңесінің отырысында мақұлданды. Өзгерістер жастарды даярлау жүйесін де қамтиды.