Құтқару қызметіндегі цифрлы технология
«Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында біз озық әрі технологиялық тұрғыдан дамыған мемлекет құруға тың серпін бердік». Бұл жолдар Президент жолдауында айтылды. Бүгінде заманауи технологиялар мен инновациялар өмірдің барлық саласына енгізіліп жатыр. Азаматтық қорғау жүйесі де бұл үдерістен тыс қалған жоқ. Жамбыл облысында ауқымды цифрландыру жұмыстары аясында Төтенше жағдайлар департаментінің материалдық-техникалық базасы жаңғыртылды.