Негізгі Жаңалықтар Төрт – түлікті асылдандыру – табысты еселейді

Төрт – түлікті асылдандыру – табысты еселейді

Арашан қойын өсіру – табысты кәсіптің кепілі. Осы істі дөңгелетіп отырған жандардың бірі – Меркі ауданы, Кеңес ауылының тұрғыны Мейіржан Момбаев. Ол «Момбай» шаруа қожалығын 2011 жылы құрып, мал шаруашылығын небәрі 17 бас қойдан бастаған. Бүгінде тынымсыз еңбектің нәтижесінде қожалықтағы мал басы 250-ге жетіп, асыл тұқымды мал өсіру бағытында өңірге танылған шаруашылықтардың біріне айналды.


Бөлісу