Негізгі Жаңалықтар Көпірден секіргісі келген азамат құтқарылды

Көпірден секіргісі келген азамат құтқарылды

Таразда көпірден секіруге оқталған ер адамды полицейлер дер кезінде тоқтатып, аман алып қалды. 1 қараша күні Тараздағы көпірлердің бірінде ер адамның секіруге оқталғаны туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына жедел жеткен патрульдік полиция қызметкерлері Рустамбек Закарьяев пен Дәулет Бейханов оны райынан қайтаруға тырысқан. Ер адам секіруге әрекет жасаған сәтте тәртіп сақшылары дер кезінде тоқтатып, аман алып қалды. Алдын ала мәлімет бойынша, 41 жастағы қала тұрғыны есірткі затының әсерінде болған. Қазір оған қажетті медициналық көмек көрсетілуде.


Бөлісу