Негізгі Жаңалықтар Ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу уақыт талабы

Ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу уақыт талабы

Елімізде ауыл шаруашылығын дамыту үшін кәсіпорындардың жұмыс үдерістерін цифрландыру, жаңа технологияларды енгізу және отандық өнімді терең өңдеу арқылы импортқа тәуелділікті азайтуға басымдық берілуі керек. Осы мақсатта өңірде заманауи технологиялар арқылы жұмысын жандандырып жатқан зауыттар жеткілікті. Мысалы, Шу ауданында орналасқан экономикалық аймақта салынып жатқан жүгері өңдеу өндіріс орнының бірінші кезеңі аяқталды. Зауыт еліміз бойынша биылғы егістік алқаптардан жеткізілетін жүгеріні қабылдауда.


Бөлісу