Патриоттық тәрбие беретін семинар
Отанға деген сүйіспеншілік пен ел алдындағы жауапкершілік – жас ұрпақ бойында қалыптасуы тиіс басты құндылықтардың бірі. Ал әскери-патриоттық тәрбие – осы бағыттағы маңызды жұмыстардың негізі. Бүгін Бауыржан Момышұлы атындағы ер балаларға арналған әскери мектепте «Әскери-патриоттық тәрбие мен білім берудің тиімді моделі» тақырыбында Республикалық семинар өтті.