Дрондар жол қауіпсіздігін бақылауда
Жыл басынан бері өңірде жол-көлік оқиғалары, қаза тапқандар мен жарақат алғандар саны төмендеген. Биыл 10 айдың қорытындысы бойынша өңірдегі жол-көлік оқиғаларының саны 6,9%-ға, қаза тапқандардың саны 17%-ға, ал жарақат алғандар саны 6,8%-ға төмендеді.
Қала сыртындағы автожолдарда дрондардың көмегімен қарсы жолаққа шығу, қауіпсіздік белдігін тақпау, көлік басқару кезінде телефон пайдалану сияқты құқық бұзушылықтар анықталуда. Сонымен қатар қауіпті жол учаскелерінде рейдтік шаралар жүргізіліп, жүргізушілерге түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылуда. Полиция жүргізушілерді жолда мұқият болуға, жылдамдық режимін сақтауға және ұзақ сапар кезінде уақтылы демалуға шақырады.