Ата-аналар форумы: «Екі әлем – бір жүрек»
Бала жүрегіне жол табу үшін оны тыңдай білу керек. Ал ата-ана мен бала арасындағы түсіністік – отбасы берекесінің бастауы. Осы маңызды мәселені арқау еткен «Екі әлем – бір жүрек» атты ата-аналар форумы Тараздағы Әлихан Бөкейхан атындағы №1 гимназияда өтті. Ерекше бастамаға 180-ге жуық ата-ана қатысып, балалардың көзімен әлемге қарауға, олардың үнсіз қалған ойлары мен сезімдерін түсінуге мүмкіндік алды.