Негізгі Жаңалықтар Ғазиз Байтасовтың ерлігіне – 15 жыл

Ғазиз Байтасовтың ерлігіне – 15 жыл

Елінің амандығын ойлаған ердің есімі мәңгі ұмытылмасы хақ. 15 жыл бұрын 2011 жылдың 12- қарашасында Тараздағы лаңкестік оқиға кезінде жиһатшы Мақсат Қариевтың қолынан 7 бірдей жан жазықсыз көз жұмды. Олардың бесеуі тәртіп сақшылары болса, екеуі сауда дүкенінің сатушысы мен қожайыны еді. Әккі лаңкес адам көп жүретін жерлерді жағалап, орайы келсе, оқ атты. Кезіккенге қару кезеп, орайы келсе оқ боратқан қылмыскерді капитан Байтасов тоқтатты. Жанкешті лаңкес ұсталған сәтте өзін- өзі жарып жіберіп, онымен бірге Ғазиз Байтасов та опат болды.


Бөлісу