Дамудың басым бағыттары сараланды
Жәрдемақы тоқтай ма? Келесі жылдан бастап кімдер әлеуметтік төлемнен қағылады? Көпшіліктің көкейінде жүрген бұл сауалдарға Президент Жолдауын түсіндіру мақсатында Жамбылға келген жұмысшы топ өкілдері жауап берді. Құрамында Құрылтай депутаты, Халық Кеңесінің мүшесі мен бірқатар министрліктің вице-министрлері бар топ өңір жұртшылығымен кездесіп, өз салалары бойынша алдағы басымдықтарды түсіндірді.