Жолдар қысқа дайын
Жамбыл облысы жолдарын қысқы маусымға дайындау барысы жоспарға сай жүріп жатыр. Қазір инертті материалдар қоры толық жиналды. Әр аудандағы қоймаларға көктайғаққа қарсы себілетін қоспалардың жалпы сатып алынған көлемі 60 мың текше метрден асады. Сондай-ақ 100-ден астам техника дайындалып, жылыту орындары жасақтау өз межесіне жетті. Өйткені өңір климаты шұғыл континенталды болғандықтан қысқа ерте қамдануды қажет етеді. Жалпы аймақта республикалық маңызы бар жол ұзындығы 1200 шақырымнан асатындықтан қауіпті учаскелер де жоқ емес. Олардың қатарында жаңа және ескі Күйік асуы, Шақпақ пен Қордайдағы бірнеше асу бар.