Негізгі Жаңалықтар Президент инфляция деңгейін төмендетуді тапсырды

Президент инфляция деңгейін төмендетуді тапсырды

Мемлекеттік саясаттың тиімділігі ең алдымен халықтың әл-ауқаты мен азаматтардың экономикалық белсенділігіне қарай бағалануы тиіс. Бұл туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған Жолдауында мәлімдеді. Мемлекет басшысы экономикалық саясаттың басты мақсаты – халықтың нақты табысын арттыру екенін атап өтті. Алайда бұл міндетке инфляциямен жүйелі әрі ымырасыз күрес жүргізбей қол жеткізу мүмкін емес.


Бөлісу