Қызылша қабылдау қыза түсті
Облыс бойынша биыл 10 мың гектар жерге қызылша егілген болатын. Қазір тәтті түбірлер Меркі мен 23 жылдан соң қайта жарақталып биыл ғана іске қосылған Тараз қант зауыттарына өткізуде. Қазірдің өзінде Тараз қаласындағы қант зауыты Жамбыл және Байзақ аудандарынан жеткізілген 13 мың тонна балтамырды қабылдап үлгерген.