Азиада аламанында алдына жан салмағандар
Жапонияда өткен Азия ойындары мен Азия параойындарының жеңімпаздары және жүлдегерлері бүгін Ақордада мемлекеттік марапаттарға ие болды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев спортшылардың жеңісін нағыз патриотизмнің көрінісі деп бағалады. Сондай-ақ мемлекет басшысы соңғы бес жылда спортты дамытуға 616 миллиард теңгеден астам қаржы жұмсалғанын айтты. Сондай-ақ халықтық құрылыс аясында жаңа спорт нысандары мен инклюзивті орталықтар салынатынын мәлімдеді.