Жолдаудағы басымдықтар түсіндірілді
Мұғалімдердің жалақысы мен әлеуметтік төлемдерінде қандай өзгерістер болады? Зейнет жасы қысқара ма? Ал елдің энергетикалық тәуелсіздігі қашан қамтамасыз етіледі? Қоғамда қызу талқыланып жүрген бұл сауалдар Таразда өткен кездесуде көтерілді. Президент Жолдауындағы міндеттерді түсіндіру үшін өңірге келген жұмысшы топ өкілдері ұстаздармен жүздесіп, көкейдегі сұрақтарға жауап берді.