Сапалы білім – баршаға қолжетімді болуы керек
Сапалы білім, тең мүмкіндік және заманауи технология. Бүгінде бұл бағыттар отандық ағарту саласының басты темірқазығына айналды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған кезекті Жолдауында білім беру жүйесінің болашағына қатысты бірнеше маңызды міндеттерді айқындап берді. Қалада да да, ауылда да сапалы білім баршаға бірдей қолжетімді болуы керек.